Бразилия президенті резиденциясына шабуыл жасаған адам ұсталды
09:55, 29 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда ел президенті Мишел Темердің ресми резиденциясының - Алворада сарайының қоршауын автомобильмен қиратқан адам ұсталды.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 19:00-де жылдамдықты бәсеңдетіп, құжатты көрсетуін сұраған кезде автомобиль жүргізушісі газды басып, Темер резиденциясының қоршауын қирата кіріп кеткен. Күзетшілер ескерту оғын атқан, артынша машинаға оқ жаудырған. Осыдан кейін ғана көлік Алворада сарайының ішкі аумағында тоқтаған.
Фото:Leo Correa