Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлауда.
Тиісті өтінімді Федералды жоғарғы сотына Бас прокуратура жолдады.
Кеше бразилиялық кәсіпкерлер, ағайынды Жоэсли және Уэсли Батисталар елдің Федералды жоғарғы сотына бейнежазба жолдаған. Хабарланғандай, онда Темердің елдің экс-президенті Дилма Русефтің импичментінің бастамашысы болған парламенттің төменгі палатасының бұрынғы спикері Эдуарду Куньяны параға сатып алуды сұраған сәті түсірілген. Globo телеарнасының мәліметінше, ақшалар Куньяның «тіл қатпауын сатып алуға» арналған.
Темер өз кезегінде Куньяны параға сатып алмақ болды деген өзіне қатысты айыптарды жоққа шығарды.