Бұл туралы сәрсенбі күні жариялаған мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған, деп жазады ТАСС.
«Президент Мишел Темер сәрсенбі күні түстен кейін Сирия-Диван госпиталіне несеп шығаруда қиналуы мен несеп шығару каналдарының тарылуы белгілерімен жатқызылды. Оған шағын хирургиялық ота жасалып, сәтті өтті. Қалпына келтіру кезеңі 48 сағатқа созылады», - делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі хабарлағандай, Темер өз қызметіне бейсенбі, 14 желтоқсанда қайта оралмақшы.