Бразилия президентінің орынтағына екі саясаткер әйел таласуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда жалпыға ортақ сайлау науқаны өтіп жатыр. 143 миллионға жуық сайлаушылар Парламенттің төменгі палатасының және Сенаттың үштен бір бөлігінің құрамын анықтамақ.

Ең басты қызығушылықтар мемлекет басшысының орынтағынан үміткерлердің маңында өрбуде. Оған негізгі кандидаттар - елдің қазіргі президенті Дилма Руссеф пен социалистер көшбасшысы Марина Силва болып отыр. Русеф өзінің орнын сақтап қала алады деген болжамдар айтылуда. Себебі, ол елдегі әлеуметтік саясатты, атап айтқанда кедейшілікпен күресті нәтижелі жүргізе білген, әрі Бразилияның халықаралық ықпалын арттыра алған саясаткер. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, елдің қазіргі президентіне сайлаушылардың шамамен 40 пайызы өз дауыстарын беруге әзір. Алайда бірінші турда жеңіске жету үшін бұл жеткіліксіз. Латынамерикандық республиканың жаңа көшбасшысының есімі тек 26 қазаннан кейін белгілі болмақ, деп хабарлайды Вести.