Бразилия спорт министрі Олимпиаданың басталуына бес ай қалғанда орынын босатты
14:35, 31 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадалық ойындардың басталуына бес ай қалғанда, саяси дағдарыс салдарынан Бразилияның спорт министрі орынын босатты, деп хабарлады "Коммерсант" AFP-ға сілтеме жасап.
Республика президенті Дилма Руссефф министр отставкаға өз еркімен кеткенін мәлімдеді», - делінген президент сарайының хабарламасында.