Жекпе-жек алдына Асу ең жеңіл салмақтағы файтерлер арасында 14-ші орында, ал оның бразилиялық қарсыласы 7-ші орында тұрған болатын. Бүгінгі жеңісінің арқасында Асу бразиялиялықты кейінге ысырып, 7-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC алаңында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті (біреуін уақытынан бұрын жеңіп, үшеуін төрешілер шешімімен). Бразилиялық Николаумен жекпе-жегінен соң ол Дана Уайттан тағы бір титул үшін жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады.
Осыған дейін Асу Алмабаевтың UFC-де төрт мәрте жеңіске жеткенін жаздық.