Бразилияда 1 175 адам «доңыз тұмауын» жұқтырды

АСТАНА. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат - Бразилияда A/H1/N1 тұмауын жұқтырудың расталған оқиғаларының саны 1 175 адамға жетті, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. Вирусты жұқтырғандардың төртеуі қайтыс болған.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау    ұйымының    соңғы мәліметтері  бойынша,   шілде  айының басында    әлемнің  135 елінде A/H1/N1   тұмауын  жұқтырудың  94 мың 512     оқиғасы   расталған, 429 адам -көз жұмған.