Бразилияда 1 млн-ға жуық адам шеруге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро және басқа да қалаларда Бразилия Президенті Дилма Руссеффтің отставкаға кетуін талап еткендер қатары миллион адамға жетіп қалды, деп жазады ВВС агенттігі.

Шеру елдің 18 қаласында және астанасында өтіп жатыр. Ең ірі наразылық шеруі Сан-Паулу қаласында өтуде. Онда көшеге жүз мыңдаған адам шықты. Наразылық шеруге қатысушылар Бразилия Президентін елдегі ең ірі Petrobras компаниясында жақында дауға айналған сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деп айыптайды.