Бразилияда 10 жылдың ішінде иммигранттар саны екі есе өсті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бразилияда тұратын иммигранттар саны соңғы 10 жылдың ішінде екі есе өсті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Кеше Бразилияның үкіметтік география және статистика институты жариялаған 2010 жылғы жалпы халық санағының мәліметтері осыны көрсетеді.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, Латын Америкасының ірі осы елінде 2010 жылы 286 мыңнан астам шетелдіктер тұрған. Салыстыратын болсақ, 2000 жылы олардың саны 143 мың 644 адамды құраған болатын. Сөйтіп, иммиграцияның өсуі 10 жылда 86,7  пайызға жеткен.

Санақ мәліметтеріне сәйкес иммигранттар саны өндірісі дамыған Бразилияның оңтүстік-шығыс және оңтүстігіндегі штаттарда - Сан-Паулу, Минас-Жерайс және Паранада жоғары болған. Оларға елде тұратын шетелдіктердің жартысынан астам үлесі тиеді. Төртінші орында - Рио-де-Жанейро.

Бразилиядағы иммигранттардың ең көбін АҚШ-тан келгендер (51 мың адам) құрайды, екінші орында - жапондықтар  (41417), одан әрі Парагвай азаматтары (24 мың) және Бразилиямен тілі, тарихы және дәстүрлі мәдениеті ортақ және экономикалық байланыстарында жеңілдетілген визалық режимі әрекет ететін   португалиялықтар (21376) болып отыр.