Бразилия көшбасшысының айтуына қарағанда, алауды 300 бразилиялық қала арқылы өткізу мәртебесі 12 мың адамға бұйырады.
Алау төртке бөлінген. Оның әрбірі күннің, қыраттардың жасыл белесінің, теңіз бен жердің символы, делінген Рио-де-Жанейродағы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында.
Алау жеткізілетін соңғы пункт Риодағы Маракана стадионы болмақ. Мұнда 2016 жылғы 5 тамызда ойындардың ашылу салтанаты өтеді.