17:36, 21 Наурыз 2009
Бразилияда 60 мың мұнайшы ереуілге шықпақ
МӘСКЕУ. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат - Бразилияның Petroleo Brasileiro SA (Petrobras) мемлекеттік мұнай компаниясының жұмысшылары наурыздың 23-інде бес күндік ереуілге шығатындықтарын жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Мұнай қызметкерлерінің ұлттық федерациясының басшысы Антоние де Мораистың айтуынша, оған 60 мыңға тарта мұнайшы қатыспақ. Олар артық табысты пайдалану жөніндегі компания жоспарына сай бөлінетін сомаға риза емес. Petrobras басшылығы компания келіссөздерді жалғастыруға әзір екенін мәлімдеді, бірақ ешқандай түсініктемелер берген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Petrobras-та 74 мыңдай адам жұмыс істейді. Өткен жылғы тамызда әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеуіне байланысты бразилиялық компанияда ереуілдер өткен болатын. Ол кезде мұнай өндіру көлемі 7 пайызға азайды. Ереуіл салдарынан Рио-деЖанейро штаты жағалауындағы екі бассейннің мұнай өндіретін платформаларында жұмыс толық тоқтатылған болатын.