Соңғы үш күнде онда ыстыққа жүректері шыдамай, 32 қарт адам көз жұмған. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлап отыр.
Ел өкіметінің өкілдерінің хабарлауынша, бұл мәліметтер тек Сантос қаласына қатысты. Дереккөздердің нақтылауынша, қайтыс болған адамдардың жастары - 60 пен 90 жастың аралығында болған. Билік өкілдерінің айтуынша, олардың барлығының диабет немесе гипертония сияқты созылмалы аурулары болған.
Сантос қаласында ауа температурасы бұл күндері Цельсий бағамы бойынша плюс 39 градусқа жетіп отыр.