Бразилияда Әлем чемпионаты Кубогының көшірмесін өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда Әлем чемпионаты қарсаңында кезекті оқыс оқиға болды. Белгісіз біреулер Бразилия құрамасы базасының маңына қойылған биіктігі 6 метр болатын Әлем чемпионатын Кубогынының көшірмесіне от қойған, деп хабарлайды championat.com-ға сілтеме жасаған kazsporttv.kz.

Тересополис мэрі қылмысты жасаған және ойластырған адамдарды табу үшін бар күшті салатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл Бразилиядағы вандализмнің алғашқы дерегі емес. Бұған дейін, үрлемелі футбол доптары мен мундиальдің ресми тұмары - Фулеко зардап шекті.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Дүбірлі доданы Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадоре, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталезе, Натале, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куябе және Куритибе қалалары қабылдайды.