Себебі, қаладағы ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Сарапшылардың айтуынша, осыдан кейін көлдегі оттегі азайып, апатты жағдайға әкелген. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, 5 жыл бұрын балықшылар осындағы көлден 65 мың тонна өлі балық аулаған. Бірақ ол кезде балықтардың қырылуына нөсер себеп болған. Өйткені шелектеп құйған жауыннан көлге зиянды қалдықтар келіп түскен.
08:11, 24 Желтоқсан 2018
Бразилияда аптап ыстықтан балықтар қырылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламдық жылыну Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында экологиялық апат тудыруда. Күннің ыстықтығынан шаһар маңындағы көлдердің бірінде 15 мың тонна балық қырылып қалды, деп хабарлайды Хабар 24.