Бразилияда бортында 11 адам болған әскери ұшақ жоғалып кетті

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Бразилияда бортында 11 адам болған әскери-тасымалдау ұшағы іздестірілуде. Бұл туралы бейсенбі күні елдің әскери-әуе күштерінің өкілдері хабарлаған.

«С-98 Караван»  модельді «Сессна»  ұшағымен   байланыс  Амазонка  орманының    үстінде  жоғалып кеткен.   Құтқару   операциясына   Бразилия әскери-әуе күштерінің екі тікұшағы мен  екі  ұшағы   атсалысуда.

Жоғалған   ұшақтың  бортындағылардың    негізі  аймақта    халыққа    егу  науқанын жүргізіп  жүрген     елдің  денсаулық сақтау министрлігінің  қызметкерлері.