Бразилияда бұрынғы президенттің үйіне тінту жүргізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық полиция сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды тергеу барысында бұрынғы президент Луис Инасио Лула да Силваның Сан-Паулудағы үйін тінтіді. Силва тергеу үшін ұсталды, деп хабарлады БАҚ.

Президенттің үйін тінту операциясына 200-ге жуық полицей мен салық қызметінің 30 өкілі қатысты.

Тінту екі штатта жүргізілді. Полицейлер сонымен бірге президент салған Силва Институтын да тінтіп жатқаны белгілі.

Барлық тінту жұмыстары Petrobras мемлекеттік мұнай компаниясындағы жемқорлық ісімен байланысты. Бұл іске, тергеудің нұсқасы бойынша, бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктің қатысы бар.

Дау-дамай 2014 жылдың көктемінде басталды. Ол кезде Petrobras жабдықтау бойынша бұрынғы директоры Паулу Роберто Коста ұсталған.