Бразилияда доңыз тұмауын жаңадан 65 адамның жұқтырғаны тіркелді

МӘСКЕУ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Бразилияда A(H1N1) тұмауын жұқтырғандар саны соңғы тәуліктерде 334-тен 399-ға жетті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Сөйтіп, бес күннің ішінде тұмауға шалдыққандар саны үш есе өсті.

Дегенмен Бразилияда сырқаттың соңы өлімге әкеліп соқтырмаған. Елде A(H1N1) тұмауымен күрес жоспары әуежайлар мен теңіз айлақтарына, сондай-ақ Оңтүстік Американың көршілес мемлекеттерімен жалғастыратын автомобиль күрежолдарының шекаралық өткізу бекеттерінде шоғырланған.