Бразилияда доңыз тұмауынан жүзден астам адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы республикада бұл аурудан 36 адам қаза тапты. H1N1 вирусынан өлімге әкеп соққан жағдайлардың басым бөлігі Сан-Паулу штатында тіркелді. Онда асқыну салдарынан 70 адам көз жұмды.

Гояс, Санта-Катарина, Баия және тағы да Бразилияның жеті өңірінде бірнеше жағдай тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, H1N1 вирусына байланысты ауыр респираторлық синдром 686 адамда анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 76 пайызға көп, диагноз 141 адамда расталды.

Қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Сан-Паулу билігі доңыз тұмауына қарсы егуді жеделдету туралы шешім қабылдады.