Сан-Паулу маңында орналасқан "Коринтианс мәңгілік" атты зиратында клуб жанкүйерлері 70 мың учаскеге дейін таңдай алады. Бразилиялық клубтың әкімшілігі қаза тапқан кей футболшылардың мәйітін жаңа зиратқа көшіруді жоспарлап отыр.
Белгілі футболшылар бейіттерінің маңындағы учаскелердің құны бірнеше мың доллар болады. Жаңа зиратта 2013 жылы қаза тапқан "Коринтианстың" бұрынғы қақпашысы Жилмарды қайта жерлеуі мүмкін.
Футболшы бұл командада 500-ден астам ойын ойнаған. Бразилия құрамасында қақпашы екі дүркін әлем чемпионы атанған. Эксклюзивті зираттар бірнеше оңтүстік америкалық клубтарда бар. Соның ішінде аргентиналық "Бока Хуниорс" та бар.