Бразилияда ер адам жаңажылдық кешке жиналған 12 адамды атып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда ер адам жаңажылдық кешке жиналған адамдарға оқ атып, кемі 12 адамды жер жастандырды. Құрбан болғандардың ішінде өзінің бұрынғы әйелі мен 8 жасар ұлы да бар.

Бұл туралы РБК Associated Press-ке сілтемемен хабарлайды.

Оқиға Сан-Паулудан оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан Кампинас қаласында болған. Полиция өкілі Марта Аурелия мәлім еткендей, ер адамда бірнеше түрлі атыс қаруы болған.

Сондай-ақ, 3 адам жарақат алған. Жапа шеккендердің бірі көрші үйге қашып кіріп аман қалған. Шабуылдан соң ер адам өзіне қол салған.