Бразилияда футбол жанкүйерлерінің қақтығысы салдарынан 30 адам зардап шекті

БРАЗИЛИА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Бразилияда «Палмейрес» және «Сан-Паулу» командаларының ойынының алдында футбол жанкүйерлерінің қақтығысы орын алып, оқиға салдарынан 30 адам жараланды,

158 фанатты полиция қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед Пресс» агенттігіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, қақтығысты екі команданың жанкүйерлері интернет-форумдар арқылы ұйымдастырған болып шықты. «Сарбаздардың» ешқайсысы қатты зардап шекпеген. Операция кезінде екі полиция қызметкері кішігірім жарақат алып отыр.