Бұл Неймардың 2013 жылы «Барселона» футбол клубына өту үшін белгілеген құнына байланысты болған.
Неймарды алу үшін «Барселона» 57 млн еуро төлеген. Ал, тергеушілер Неймарға 83,3 млн еуро төленді, деп санайды. Олардың айтуынша, клуб шығыстарын жымқырып қалған.
Неймардың трансферлік құнының 40 пайыз құқығына тиесілі Бразилиялық инвестициялық компания оны миллиондаған еуроға алдағанын мәлімдеді.
2015 жылғы қыркүйекте бразилиялық сот Неймардың 48 млн долларға жуық сомадағы активтерін жауып тастаған. Спортшыны 26 млн доллар салық төлеуден жалтарды деп айыптады.
Неймар өзінің кінәлі емес екенін мәлімдеді.
09:28, 03 Ақпан 2016
Бразилияда футболшы Неймарға алаяқтық жасады деп айып тағылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия прокурорлары салық төлеуден жалтарғаны үшін футболшы Неймарға айып тақпақ, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.