Бразилияда қазақ күресі бойынша өткен Әлем чемпионатында ҚР құрамасы командасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді олжалады

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Бразилияда бозбалалар арасында қазақ күресі бойынша өткен әлем чемпионатында ҚР құрама командасы басып озып, 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды,

деп хабарлады ҚР спорт және дене шынықтыру істері агентігінің баспасөз қызметі. 

Сәуірдің 15-нен 22-не дейін Сан-Паулу (Бразилия) қаласында бозбалалар арасында қазақ күресі бойынша әлем чемпионаты өтті. Сайысқа спортшылар 12 елден - Қазақстаннан, Бразилия мен Уругвайдан, Чилиден, Гватемаладан, Литва мен Беларуссиядан, Ресейден және Үндістаннан, Ираннан, Германиядан және т. б. мемлекеттерден қатысты.  

Сайыс 3 салмақ санаты (дәрежесі) бойынша - 60, 70 және 70 келіде өтті. Қазақстанның құрама командасы әлем чемпионатынан 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальді еншілеп қайтты. Бүгін түнде Қазақстанның құрама командасы Астанаға оралады.