Елде инфекция жұқтыру жағдайларының жалпы саны 5 082 637. Соңғы 24 сағатта 26 749 пациенттен коронавирус анықталған. Ведомствоның мәліметі бойынша ауруға шалдыққандардың 85%-дан астамы (4 453 722) сауығып шыққан, тағы 478 717 адам дәрігерлердің бақылауында.
Мұнда алғашқы коронавирус жұқтыру жағдайы 26 ақпанда анықталған. Бразилия әлемде вирусқа шалдығу жағдайлары санының көптігінен АҚШ пен Үндістаннан кейін үшінші орында. Коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Құрама Штаттардан кейінгі екінші орында тұр.