Бразилияда күллі әлемге кеңінен танымал Игуасу сарқырамасы тартылып қалды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бразилияның ең басты туристік назар аударарлық Игуасу сарқырамасының біраз бөлігі оңтүстік бразилиялық Парана штатында ұзақ уақытқа созылған құрғақшылықтың салдарынан тартылып қалды, деп хабарлады Утро. ру.

Бразилия мен Аргентинаның шекарасында орналасқан 2,7 шақырымдық кешен өзіне 270 жеке сарқыраманы қосады. Судың құлау биіктігі 82 метрді құрайды.   

Игуасу Ұлттық паркінің берген мәліметіне қарағанда, өткізілген өлшем жұмыстары сарқырамадағы су көлемінің қалыпты 1,5 мың текше м/с-тан 500 текше м/с-қа дейін 3 есе азайғандығын көрсетті. Соның салдарынан сарқыраманың біраз бөлігі тартылып қалды.   

Канада мен АҚШ шекарасында Африкадағы Виктория және Ниагар сарқырамасымен бірге Игуасу әлемдегі ең әдемі құлама болып саналады. Табиғи кешен ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы тізіміне енген.