Олардың тізімінде 112 өрмекші, 12 балық, 10 құс, 4 маса түрі бар. Әсіресе, кішкене құлақты маймылдың табылуы сенсацияға айналып отыр.
Мұның тағы бір ерекшелігі - жүнінің түсі күміс тәріздес екендігінде. Оны жергілікті БАҚ «күміс маймыл» деп атап та үлгерді. Бұл жануар тек қана Мамора, Мадейра және Парана өзендерінің аралығында ғана кездеседі екен.
Атап өтер жайт, анықталған барлық жануарларды Эмилио Гоэлди музейінің зерттеу институтының ғалымдары тауып отыр.