Бразилияда маймылдың жаңа түрі табылды

БРАЗИЛИА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Wildlife Conservation Society ұйымы Бразилияда Амазонканың адам аяғы баспаған алыс түкпірінен ғылымға беймәлім маймылдың жаңа түрі табылғанын жария етті,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

 Saguinus fuscicollis mura  деп   аталатын  маймыл алғаш рет  2007 жылғы   экспедиция  барысында   табылған    болатын.    Қоңыр   таңбалы  сұр  түсті  маймылдың  салмағы 213 грамды  шамалайды.      Маймылдың  денесінің  ұзындығы 240  мм  болса,    ал құйрығының  ұзындығы 320  мм  көрінеді.