Бразилияда министр жемқорлыққа қатысты айыптаудан соң отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Туризм министрі Энрике Алвес оны пара алды деп айыптағаудан бір тәулік өткен соң отставкаға кетті, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Министрдің қызметтен кетуін Petrobas мемлекеттік мұнай компаниясы төңірегінде шыққан жемқорлыққа қатысты дауға байланыстырды.

Бұл Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишел Темердің уақытша үкіметінің соңғы кезде отставкаға кеткен үшінші министрі.