Бір топ кілең жас жігіттер автомобильдің сыртына мыңдаған көк түсті қағаздар жапсырып, оған Мүгедек белгісін бейнелеп қойған.
Әлеуметтік желіге салынған кадрде мұны көрген көлік иесінің жүйкесі шыдамай оқыс қылықтарға ұрынғаны, қасында тұрған жол инспекторының рұқсат етілмеген жерге машинасын қойғаны үшін айыппұл салғаны көзге ұрып тұр.