Аргентина және Парагваймен шектесетін Парана штатында алты адам қаза тапқан. Дүйсенбіден бері штаттың бірнеше муниципалитетінде су тасқыны мен кенеттен болған су басу салдарынан шамамен 10 мың тұрғын зардап шеккен.
Сан-Паулу штатындағы Монте-Алегри-ду-Сул муниципалитетінде көшкін салдарынан үйін топырақ басып қалған 21 жастағы әйел мен оның бір жасар ұлы көз жұмды.
Өтіп бара жатқан суық ауа массасына байланысты болған дауыл соңғы екі күнде су тасқынына, электр қуатының үзілуіне, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымның бүлінуіне әкелген.
Бұған дейін бірнеше күн бұрын оңтүстіктегі Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Тупансирета муниципалитетінде болған тағы бір дауылдан бес адам қаза тауып, 265 адам жарақат алған.
Эль-Ниньо құбылысына байланысты Бразилияның оңтүстігінде әлі де дабыл режимі сақталып отыр. Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су температурасының әдеттен тыс көтерілуімен сипатталатын бұл құбылыс аймақта жауын-шашынның орташа деңгейден көп түсуіне себеп болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бразилиядағы дауыл салдарынан 20 мыңға жуық адам эвакуацияланғанын жаздық.
Ал биыл ақпан айында осы елде болған лай көшкіннен 22 адам қаза тапты.