Бразилияда сотталушылар түрмелерге сыймай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда жаңадан 30-ға жуық түрме салынады.

Мұндай шешімді ел президенті Мишел Темер сотталушылар істеп тұрған пенитенциарлық мекемелерге сыймай жатқандықтан қабылдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтер агенттігінің жазуынша, бұл үшін ел билігі 300 млн. доллар жұмсайтын болады. Жаңа бес түрме қорғау жүйесінің ең жоғары деңгейімен жарақталатын болады, онда ең қауіпті қылмыскерлер ұсталмақ.

Бұл Бразилиядағы пенитенциарлық жүйе дағдарысын шешу бойынша шұғыл шаралардың бірі болып табылады. Осы уақытта аталмыш мемлекет түрмелерінде сотталушылар саны екі есеге көп. Бұл қаңтар айынан бастап түрмелерде 140 адамның қатыгездікпен өлтірілуіне алып келді.

Фото: Blog for Life