Ұлттық азаматтық авиация агенттігінің деректеріне сүйенсек, құлаған ұшақ Vale компаниясының бұрынғы президенті Роджер Агнеллиге тиесілі, деп атап өтті Reuters агенттігі. Агнелли бортта болды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.
Мемлекеттік авиациялық инфрақұрылым агенттігінің деректеріне сәйкес оқиға сенбі күні, 19 наурызда, сағат 15.20 шамасында орын алған. Ұшақ Сан- Паулудағы Кампо де Марте әуежайынан ауаға көтеріле бере, бірден құлаған.
Оқиға салдарынан ұшқыш, ұшақтың алты жолаушысы қаза тапты, деді жергілікті өрт сөндіру бөлімінің өкілі. Ұшақ құлаған ғимаратта бір адам жарақат алды.
Globo басылымының деректеріне сүйенсек, Агнелли бортта болып, апат салдарынан қаза тапқан. Бортта сондай-ақ бизнесменнің жұбайы, екі баласы - қызы мен ұлы - және олардың жұбайлары болған.
Агнелли Vale компаниясын 2011 жылға дейін он жылдай басқарған.