Бразилияда жай түсіп, 30-дан астам әскери қызметші зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда президенттік қарулы күш полкінің найзағай соққан 30-дан астам әскери қызметшісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.

Оқиға ел астанасы Бразилиа қаласында орын алды. G1 порталының деректеріне сүйенсек, найзағай әскери қызметшілер тапсырма алып жатқан кезде түскен. Дәрігерлер 26 әскери қызметшіні ауруханаға жатқызғанын мәлімдеді. Олардың денесін күйік шалған. Зардап шеккендердің өміріне еш қауіп жоқ.

Ресми деректер бойынша, Бразилияда 2014 жылы жай түсу салдарынан 98 адам қаза тапқан. Бұл елде жыл сайын жай түсуге қатысты 50 миллионға жуық оқиға тіркеледі екен.