Апат 4 мамыр күні Белу-Оризонти қаласында болған. Әуе кемесі үш қабатты тұрғын үйге соғылып, кейін автотұраққа құлаған. Белгілі болғандай, апат алдында ұшқыш диспетчерлермен байланысып, ұшып көтерілу кезінде туындаған ақаулар туралы хабарлаған.
Ұшақ бортында барлығы бес адам болған. Оқиға салдарынан екі ұшқыш бірден қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған. Олардың ішіндегі жағдайы ауыр деп бағаланған бір жолаушы кейінірек ауруханада көз жұмды.
Апаттың мән-жайын полиция тексеріп жатыр.
Еске сала кетсек, 2 мамыр күні Teхас штатында шағын ұшақ әуеде отқа оранып, апатқа ұшырады. Cessna 421C бортында пиклбол командасының бес ойыншысы болған. Барлық жолаушы мен ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.
Оған дейін 25 наурызда Колумбияда ұшақ апатынан 69 адам қайтыс болғанын жаздық.