ВВС-дің жазуынша, магистральдің құлауы кезінде оның астынан өтіп бара жатқан бірнеше көлік қатты зақымданған.
Белу-Оризонтиде алдағы аптада футболдан әлем чемпионатының жартылай финалының ойыны өтуі тиіс. Бұл эстакада биылғы әлем чемпионаты қарсаңында қаладағы инфрақұрылымды жақсарту жоспары аясында тұрғызылған болатын.