Апат кезінде 27 тонна темір тасымалдап келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай, Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласының маңында екі жүк көлігімен соқтығысқан.
13:42, 28 Қараша 2023
Бразилияда жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты
Дүйсенбіде Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Игарапе тау сілеміндегі тасжолда 13 көліктің соқтығысуы салдарынан кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп мәлімдеді жергілікті БАҚ. Kazinform агенттігі бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.