Бразилияда жолаушылар ұшағына құс соқтығысып қалды

БРАЗИЛИА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Бразилияда ұшақтың құспен соқтығысуы салдарынан жолаушылар рейсі бірнеше сағатқа кідіртілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Жолаушылар лайнері Сан-Паулудан Порту-Сегуру курорттық қаласына ұшып бара жатқан. Сальвадор қаласына аралық аялдама жасау кезінде ұшақтың қанатына құс соғысқан. Бразилияның әуежай қызметінің (INFRAERO) мәліметі бойынша, жолаушылар қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнбеген және бірнеше сағаттан кейін олар басқа ұшақпен барар жерлеріне аттанды.