Оқыс оқиға көліктердің біріне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Анық көрінгені, жүк көлігі алдындағы автомобильді басып озып, өз жолағына қайта түсуге тырысады. Бір уақытта көлік тепе-теңдікті жоғалтып, бірнеше сальто жасайды да, жол жиегіне құлайды.
Оқиғаны желіге жариялаған куәгерлердің деректеріне сәйкес жүргізуші жеңіл жарақат алған, ал салондағы жолаушы керісінше бірнеше сынықтармен шұғыл ауруханаға жеткізілген.