Бразилиядағы әлем чемпионаты: Жанкүйерлер 2,5 млн. астам билет сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионаты ойындарына 2,5 млн. билет сатып алды.

Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Билеттің басым бөлігі Бразилия тұрғындарының еншісіне бұйырды (1 млн. астам). Екінші орынды АҚШ (154 мың) жанүйерлері иемденді.

Еске сала кетсек, әлем біріншілігі 12 маусымда басталып, 13 шілдеге дейін жалғасады.