Шоу Бразилияда 23 қазанда аталып өтілген Ұшқыштар күніне арналған. Апаттан соң құтқарушылар ұшқышты судан алып шығып, ауруханаға жеткізгенімен, алған жарақаттары салдарынан ол көз жұмды. Ұшақ бортында басқа адамдар болған жоқ. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
07:33, 01 Қараша 2015
Бразилиядағы авиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Бразилияның Салвадор қаласында авиашоуға қатысқан Slick 540 ұшағы теңізге құлап кетті, салдарынан ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.