Бразилиядағы дамба жарылысынан қаза тапқандар саны 60 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның шығысында дамба жарылуы салдарынан мерт болған адамдардың саны 60-қа жетті, тағы 292 адам із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды Globo порталы.

Брумадинью муниципалитеті (Минас-Жерайс штаты) ауданында бөгеттің бұзылуы 25 қаңтардың таңында орын алған. Vale компаниясының әкімшілік ғимараттары мен тұрғын үйлерді лай ағыны басып қалды. Бұл ретте апаттық ескерту жүйелері жұмыс істеген жоқ.

Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.