Бұл жолы атақты «Арена Коринтианс» стадионы маңында баспанасыздар лагерін құрған мыңдаған адам Сан-Паулу көшелерімен шеру тартып, жүріп өтті.
Олар әлемдік аяқдоп додасының өткізілуіне байланысты шаһарда жылжымайтын мүлік бағасының шарықтап кеткенін және көпшіліктің үйсіз қалғанын ашына айтып отыр.
«Арена Коринтианс» стадионы маңындағы лагерь осы айда тұрғызылған болатын. Құрылысы 450 млн. АҚШ долларына жеткен стадион маңын үйлері жоқ 4 мыңға жуық адам паналауда. Ал ел Президенті Дилма Руссеф лагерьді паналаушыларға мемлекеттен баспана беруге уәде еткен болатын.