БҚҚТ перзиденті Алешандри Сампайудың айтуынша, әлем чемпионатының ойындары өтетін барлық 12 қалада 12-13 шілде аралығында туристік сыныпты қонақүйден орташа баға - 500 реалға (2,2 реал - $1) нөмір табуға болады.
Есте қаларлығы, осыдан бір жарым ай бұрын нөмірлер мың реал болатыны жайында айтылған болатын. Шетелден келетін жанкүйерлер ағыны бастапқыда жоспарланғандай, айтарлықтай көп болмады. 200 млн. халқы бар Бразилия үшін 60 мың шетелдік футбол әуесқойлары түкке тұрмайды. ӘЧ ойындары ел-елде өткен кезде көруге ниетті 3,1 млн бразилиялық жанкүйерлер тұру үшін барынша үнемді нұсқаларды, оның ішінде жекеменшік секторды іздестіреді.