Бразилияның Жоғарғы сайлау соты хабарлағандай, екінші турда Лула 50,85%, Жаир Болсонаро 49,15% дауыс жинады.
«Мен күрделі жағдайға тап болған елімізді басқаруды өз қолыма алуға дайынмын. Бірақ мен Құдайдың және адамдардың көмегімен еліміздің қайтадан демократиялық жолмен үйлесімді өмір сүретініне сенімдімін. Біз отбасы тыныштығын сақтап, әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, бәрімізге қажет Бразилияны құра аламыз», - деді Лула сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін.
Алғашқы минуттарда Луланы Twitter арқылы және басқа да жолдармен көршілес Латын Америкасы мемлекеттерінің басшылары, АҚШ пен Франция президенттері, Канада премьер-министрі және басқа елдердің басшылары құттықтады.