Бразилиядағы президенттік сайлауда Марина Силва жеңіске жетуі ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Estado de Sao Paulo газеті мен Globo телеарнасының тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасына қарағанда, Бразилия Социалистік партиясының кандидаты Марина Силва алда өтетін президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетуі ықтимал.

Сауалнама деректеріне сүйенсек, бірінші турда бірде-бір кандидат жеңіске қажетті дауыстың жартысын да жинай алмайды, екінші турда Силваны сайлаушылардың 46 пайызы, ал қазіргі мемлекет басшысы Дилма Руссеффті 39 пайызы қолдайды.

Силва саяси «Орнықтылық желісі» қозғалысын басқарады. Бұдан бұрын ол қоршаған ортаны қорғау министрі болған. 2010 жылы президенттік сайлауға Жасыл партия атынан қатысып, 20 пайыз дауыс жинап, үшінші орынды иеленген.