РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Сейсенбіде елдің оңтүстік-шығысындағы Бразилия Петрополисінде нөсер салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты. Бұл туралы Аймақтық даму министрі Роджерио Мариньо Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз Петрополисте (Рио-де-Жанейро штаты) алты адамның қайтыс болғанына өкінішімізді білдіреміз. Қала қатты жаңбырдың салдарынан зардап шекті: соңғы төрт сағат ішінде 200 мм-ден астам жауын жауды, бұл өзен суларының арнасынан шығуына әкелді. 52 жерде көшкін тіркелді», - деді ол.
Рио-де-Жанейро штатының губернаторы Клаудио Каструдың айтуынша, апат салдарын жою үшін 120 құтқарушы жұмыс істеп жатыр, оларға көмекке тағы 60 адам жіберілді.
Фото: srzd.com
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.