Бразилиядағы су тасқыны құрбандарының саны 800 адамнан асты
16:51, 24 Қаңтар 2011
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында болған су тасқыны мен көшкін құрбандарының саны 803 адамға жетті.
Іздестіру жұмыстары әлі аяқталған жоқ, сондықтан табиғат апатынан қаза тапқандардың саны артуы да мүмкін. Із-түзсіз жоғалғандар қатарына 400 адам тіркелген. Бұл туралы шетелдік БАҚ ақпаратына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Брюссельде орналасқан (Бельгия)Табиғат апаттары жөніндегі Халықаралық мәліметтер базасының ақпаратына сүйенсек, осындай ірі су тасқыны Рио-де-Жанейрода 1967 жылы болған екен, сол жылы 785 адам су тасқынынан опат болған.