Аталған оқиғадан 50 мыңға жуық адам зардап шекті, 3,5 мың тұрғын үй-жайсыз қалды. Өзен жағалауы маңында бірқатар орындарда автомобиль қозғалысы шектелді. Футболдан әлем чемпионаты өтетін стадиондар зақымданбағанмен, бұлыңғыр күн ойын алаңының газонына келеңсіз әсерін етуде. Сол үшін стадионда күндіз шөптің өсуін жылдамдату үшін арнайы жарық қондырғылары қосылды.
09:40, 09 Маусым 2014
Бразилиядағы су тасқынынан 10 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Паран шататында нөсерлі жауын құйып тұр. Оның арты тасқынға ұласып, салдарынан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы өңірлік азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасай отырып ИТАР-ТАСС хабарлады.