Бразилиядағы тәлімбақтан арыстан жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия полициясы елдің оңтүстік-шығысындағы Монте Асул Пулиста қаласындағы тәлімбақтан жоғалып кеткен арыстанды іздеп жатыр, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ол өткен бейсенбі түскі үзіліс кезінде жоғалып кеткен. Із кесушілер жыртқыш аңды кімдердің ұрлағанын және олардың салмағы 300 келі аңды қалай алып шыққанын біле алмай бас қатыруда.

Тоғыз жасар арыстан жергілікті тәлімбақта бес жыл тұрған. Жануарды тамақтандыру үшін күніне бес келі ет керек.