Бұған дейін екі пойыздың соқтығысуынан 69 адамның зардап шеккені туралы мәлім етілген болатын.
Апат 6 қаңтар күні Мескита қаласына (Рио-де-Жанейро штаты) жақын жердегі Жуселино атындағы стансада орын алған. Пойыз қала маңында жүретін басқа пойызбен соқтығысты. Қазіргі кезде теміржолдағы қозғалыс тоқтатылды.
Оқиға куәгерлерінің пікірінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар төмен жылдамдықпен жүріп келе жатқандықтан бұл оқиғада құрбандар болған жоқ.